Назад к книге «Орта ғасырлар тарихы» [Қ. Т. Жұмағұлов, Рыскелді Саламатқызы Мырзабекова]

Орта ғасырлар тарихы

Қ. Т. Жұмағұлов

Рыскелді Саламатқызы Мырзабекова

Еуропаның орта ғасырлар тарихына арналған оқу құралы оқытудың кредиттік технологиясы негізінде білім беру жүйесінің типтік бағдарламасына сай жазылған. Батыс елдері дамуының орта ғасырлар кезеңінің үдерістері мен тарихи ұстанымдарын баяндаған.

Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы тарих, халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, докторанттарына және оқытушыларына арналған.

Жұмағұлов Қ.Т., Мырзабекова Р.С.

Орта ғасырлар тарихы

РђР›Т’Р« РЎУЁР—

Орта ғасырлар тарихы ұзақ дәуірді – IV ғасырдан XV ғасырдың соңына дейінгі маңызды үдерістер мен өркениетті қамтиды. Медиевистикада, оның ішінде Қазақстан медиевистикасында кезеңдерге бөлуге сәйкес, орта ғасырлар тарихы халықтардың Ұлы Қоныс аударуынан (IV ғасырдың екінші жартысы) XVII ғасырдың бірінші жартысындағы ағылшын буржуазиялық революциясына дейінгі мерзімді қамтиды.

«Орта ғасырлар» термині �талияда ХV-ХVІ ғасырдағы гуманистер арасында пайда болды. Гуманистер тарихты «көне», «орта» және «жаңа» деп мәдениеттің дамуына байланысты бөлгендіктен, бұл термин шартты түрде қолданылып келді.

�ртүрлі халықтарда феодализмге көшу үдерісі бірқалыпты жүрген жоқ. Сондықтан да орта ғасырлар дәуірінің хронологиялық шеңбері де әр түрлі құрылықтарда, тіпті жеке елдерде алуан түрлі болды. Еуропа елдерінде орта ғасырлар ІV ғасырдың екінші жартысында Халықтардың Ұлы Қоныс аудару қозғалысынан басталады. Құлиеленушілік құрылыстың ішкі ыдырауынан және сыртқы фактордың әсерінен Рим империясы құлады. Дағдарыс империяны «варварлар» деп аталатын герман тайпаларының, кейіннен басқа да саяси-этникалық одақтардың алдында қорғансыз етті. Герман тайпаларының баса-көктеп енуі империяның ыдырауына және ол жерде құлиеленушілік құрылыстың жойылуына апарып соқты. Тарихнамада, орта ғасырлар мен жаңа заманның аралығы, Батыс Еуропада капиталистік құрылыс үстемдігіне алып келген ағылшын буржуазиялық революциясы болып есептеледі.

Феодализм де жүздеген жылдар ішінде өзгеріссіз қалған жоқ. Өндіргіш күштердің өсуімен бірге, өндірістік қатынастарға тән ілгерілеушілік те болып жатты, саяси бейнесі өзгеріске ұшырады. Сондықтан тарихнамада орта ғасырлар д