Назад к книге «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап» [Коллектив авторов]

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап

Коллектив авторов

«Қазақстан (Қазақ елі) тарихы» деген атпен жарық көріп отырған 4 кітаптан тұратын оқулықтың алғашқы кітабы Қазақстан аумағының б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлердегі мәселелерін оқытуға арналған. Оқулықта қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу тарихы, қағанаттар, ордалар мен хандықтар құру жолындағы күресі, отандық тарих ғылымында тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан жаңа тарихи көзқарастар және ғылыми айналымға қосылған тарихи деректер жаңа методологиялық ұстанымдар аясында қарастырылған.

Оқулықта тарихи суреттер, карталар және тарихи ескерткіштердің бейнелері де кеңінен пайдаланылған.

Бұл еңбектің тарих мамандығы бойынша маманданатын бакалавр студенттеріне берер пайдасы мол.

Т. О. Омарбеков, Г. Б. Хабижанова

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде 1-кітап

КІРІСПЕ

Төрт кітаптан тұратын «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы» республика университеттеріндегі 5В020300 – Тарих мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған. Ол екі оқу курсынан тұратын пәнді оқытуды қамтиды. Олардың алғашқысы – «Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы» курсы болса, екіншісі – «Қазақстанның жаңа және қазіргі заманғы тарихы». Оқулықтың төрт кітабының аттары да осыған сәйкес белгіленген. 2 кітапта пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес хронологиялық жағынан тас дәуірі мен ХVІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы тарихи, этно-саяси және мәдени үдерістерді қамтиды.

Ол бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші, екінші, үшінші бөлімдер І томның бірінші кітапқа енген. Бірінші бөлім тарихқа дейінгі Қазақ даласындағы, яғни тас, қола дәуіріндегі тарихи үдерістерді қамтиды. Бұл кезеңде адамның пайда болуы, қалыптасуы және алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен халық ретінде орнығып, қалыптасу үдерісі жүрді. Қазақстандағы қола дәуірі мәдениетінің дамуындағы, таралуындағы өзіндік ерекшеліктер курсты оқытуда айқын байқалады. Аридтық табиғи-географиялық жағдай көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал шаруашылығына өтуге өз әсерін тигі