Назад к книге «Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы» [Н. Торманов, Г. Қ. Атанбаева, Қ. Бексейітова]

Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген. Оқу құралы

Г. Қ. Атанбаева

Қ. Бексейітова

Н. Торманов

Оқу құралы заманауи білім беру талабына сай, оқытудың көрнекті әдісін белсенді қолдана отырып студенттерге дәріс беруге арналған. Оқу құралын дайындаудың басты ұстанымы әрбір тараулар бойынша қысқаша теориялық мазмұнын келтіріп, соңында тесттік тапсырмалар берілген. Оқу құралының көрнектілігіне жинақы кестелер, сызбанұс- қалар, түрлі-түсті суреттер, қысқа-нұсқа, анық-айқын көрсетліген. Оқу құралында студенттердің шығармашылық қабілеттілігін, өз бетінше ізденіс жасай игеруге арналған логикалық есептер берілген.

Оқу құралы студенттерге өзіндік жұмыс орындауға, емтиханға дайындалуға және ВОУД-қа дайындалуға айтарлықтай көмегін тигізеді деген ойдамыз.

Торманов Н.Т., Атанбаева Г.Қ., Бексейітова Қ.

Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен әшекейлендірілген оқу құралы

РђР›Т’Р« РЎУЁР—

Студенттерге білім берудегі дидактиканың басты принциптерінің бірі – дәріс беру кезіндегі материалды түсіндіру мен қатар, оның көрнекілігі. Студенттер тыңдап қана қоймай, көзбен көру арқылы қабылдайды. Сондықтан, тыңдаушылардың қабылдау аппараттарын дер кезінде іске қосу мұғалімнің міндеті.

Бәрімізге аян, адам баласының сыртқы ортадан алатын ақпараттарының 70 пайызы көзбен көру арқылы еске сақталады деген психо-педагогикалық мәлімет бар.

Биология және биотехнология факультетіндегі студенттерге ІІІ курста оқылатын негізгі пән Адам және жануарлар физиологиясы. Жыл сайын 150-ге жақын студенттерге дәріс оқылады, сонымен қатар IV курста студенттер ОЖСБ-дан (ВОУД) сынақ өтеді. Осы келтірілген фактылерді еске ала отырып, әшекейлендірілген электронды оқу құралын дайындап шығаруға талаптандық. Бұл оқу құралындағы көрнекті түрде «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнінен жинақты кесте, сызбанұсқа, суреттер түрінде тиянақты мәліметтер келтірдік. Көрнекті материалдар түсінікті қысқа-нұсқа, анық, айқын берілген. Материалдар бір жерде жинақталып берілген. Іздеп табуға да оңай. Осы шаралардың бәрі теориялық материалдардың мазмұнын тиімді, оңай, ұзақ мерзімде студенттердің еске сақтауға жол ашады деген ойдамыз.

Оқу әдістемелік құралдың негізі пәнге арналған силлабусқа сәйкестелініп құр