Назад к книге «Дипломатия тарихы» [Амангелді Рахметолдаұлы Әліпбаев]

Дипломатия тарихы

Амангелді Рахметолдаұлы �ліпбаев

Дәрістер жинағында дипломатиялық және консулдық қызметтің ежелгі кезеңнен қалыптасуы мен дамуы, оның ежелгі мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардағы мәні мен рөлі қарастырылған.

Дәрістер жинағы халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға арналған.

�ліпбаев А.Р.

Дипломатия тарихы

КІРІСПЕ

Назарға ұсынып отырған оқу құралы дипломатиялық және консулдық қызметтің ежелгі кезеңнен қалыптасуы мен дамуын, оның мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастардағы мәні мен рөлін жан-жақты қарастырады.

Сондай-ақ халықаралық қатынастар мамандығының типтік оқу жоспарының Мемлекеттік үлгісіне сәйкес осы мамандықта оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралы болып табылады. Дипломатия саласындағы негізгі алған білімдерін толықтырушы пән ретінде оқу құралында дипломатиялық және консулдық қызмет тарихына жан-жақты сараптама жасау мақсаты қойылған.

«Дипломатия тарихы» дәрістер жинағының негізгі мақсаттары:

– болашақ халықаралық қатынастар саласындағы мамандарды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретіндегі дипломатиялық қызмет туралы мәліметтермен таныстыру;

– халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық және консулдық қызметтің қалыптасуы мен даму эволюциясын қарастыру;

– ежелгі әртүрлі елдердегі дипломатиялық қызметтердің қалыптасу ерекшеліктерін сараптау;

– халықаралық қатынастар мамандарын даярлау ерекшелігін, олар үшін қазіргі уақыттағы дипломатиялық және консулдық қызметін меңгеруге көмектесу;

– дипломатия тарихын сараптай білуге үйрету.

«Дипломатия тарихы» дәрістер жинағының негізгі міндеттері:

– дипломатия тарихы бойынша студенттердің білімдерін кеңейту және жүйелеу;

– дипломатиялық және консулдық қызметтің өзара әрекеттестігінің негізгі қағидаларын айқындау;

– дипломатия тарихын жете түсіндіріп, жеткізу әдістемесін меңгеру.

Дәрістер жинағын дайындау барысында дипломатияның даму тарихының мәселелерін айқындауда көптеген тарихи зерттеулер мен дипломатиялық құжаттарға, дипломатия саласындағы ғылыми әдебиеттерге сүйендік.

1-РґУ™СЂС–СЃ

«Д�ПЛОМАТ�Я» Ж�НЕ Д�ПЛОМАТ�ЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Жоспары:

– Дипломатия РїУ™РЅС– мен В