Назад к книге «Михаил Есенәлиев: Өнегелі өмір. 26-шығ.» [Коллектив авторов]

Михаил Есенәлиев: Өнегелі өмір. 26-шығ.

Коллектив авторов

Бұл кітапта қазақ халқының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ұлттық мәдениетті дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірген, түрлі деңгейдегі партия жқызметтерін атқарып, Сыртқы істер министрлігінің дипломат кадрларын тәрбиелеп, оларды дипломатияның қыр-сырына баулыған, Қазақ КСР-інің Сыртқы істер министрі М.�. Есенәлиев жайында жазылған замандастарының, әріптестерінің, шәкірттерінің естеліктері, мұрағат құжаттары мен фотосуреттер топтастырылған.

Кітап халықаралық қатынастар, журналистика, философия және саясаттану факультеттерінің студенттеріне, ұстаздарға және көпшілік оқырманға арналған.

Михяил Есенәлиев: Өнегелі өмір

Құрметті оқырман!

«Өнегелі өмір» атты сериялық кітабымыздың 26-шығарылымы мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің Сыртқы істер министрі, дипломат Михаил �ванович (Хакім Тілекенұлы) Есенәлиевтің 85 жылдық мерейтойына арналады.

Михаил �ванович (Хакім Тілекенұлы) Есенәлиев 1928 жылы 15 қыркүйекте Ресей Федерациясы Саратов облысы Питерка ауданы Питерка аталатын орыс ауылындағы жалғыз қазақ отбасында дүниеге келген. Ақылды ұлына әкесі Кәкім деп қазақшалап ат қойғысы келген екен, алайда әкесі Тілекенді �ван деп атайтын орыс ауылдастары сол кездегі КСРО Орталық атқару комитетінің төрағасы Михаил �ванович Калининдей еліне бас болсын деген тілекпен құжатына Михаил �ванович деп жазып беріпті. Кейіннен жазушы Мұхтар �уезов бұл тарихты естіп атың Кәкім емес, шығыс пен батысқа танымал дана Хакім бол деп батасын берген екен.

Хакім Тілекенұлы жастайынан білімге құмар болып Саратов құқықтық мектебін сырттай тамамдап, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында білім алған.

1945-51 жылдары Халық сотында хатшы және сот орындаушысы, райком комсомолының және БКП(б) райком бюро мүшесінің екінші, одан соң бірінші хатшысы қызметтерін атқарады.

1952-54 жылдары Мәскеудегі Орталық Комсомол мектебінде оқиды. Мәскеуден келген соң Қазақстан ЛКЖО Павлодар обкомының екінші, бірінші хатшылық қызметін абыроймен атқарып, кейіннен Қазақстан ОКЛКЖО хатшысы болып тағайындалады.

1961-64 жылдары Мәскеудегі Қоғамдық ғылымдар академиясының тыңдаушысы, кейіннен аспирант атанып, кандидаттық диссертациясын қорғап, филосР