Назад к книге «Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау» [Назгүл Санаққызы Дaлaбaевa, Немеребай Нұрахметов, Алима Абитханқызы Раманқұлова]

Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау

Назгүл Санаққызы Дaлaбaевa

Алима Абитханқызы Раманқұлова

Немеребай Нұрахметов

Бұл әдістемелік нұсқау бейорганикалық химиядағы қышқылдар мен негіздерді оқытуда, бағыт-бағдар беруде қолданылуға арналған. �дістемелік нұсқауда алдымен қышқылдар мен негіздердің күнделікті өмірде кездесуінен бастау алатыны жайлы баяндалған. Қазіргі уақыттағы қышқылдардың маңызды кластары мен олардың қасиеттері және т.б түсіндіріледі. Қарастырылған қышқылдар мен негіздердің әрекеттесуін бейорганикалық химияда қолданылуын дамыту мақсатында студенттердің өзіндік жұмыстары берілген. �дістемелік нұсқау химия факультеттерінің студенттеріне, магистранттарына және PhD студенттеріне қышқылдық негіздік әрекеттесу теориялары пәні бойынша пәндік құзіреттіліктерін қалыптастыруға арналған.

Автордың редакциясымен шығарылды.

Нұрахметов Н., Далабаева Н.С., Раманкулова А.А.

Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау

РђР›Т’Р« РЎУЁР—

Қымбатты химик ұстаздар! Сіздер химия пәнін игере бастағанда шәкірттеріңізді оттек, сутек, сумен таныстырып, бірден олардың табиғатын сипаттайтын алғашқы теориядан бастайсыздар. Оның тарихи сырына үңілетіндей уақыттарыңыз бола бермейді. Химиядай құдіретті ғылымның ілкіалды зерттегені табиғатта кездесетін сан алуан заттар болғаны даусыз. �уелі тіршіліктің негізіне айналған үйреншікті суды, тамақтың дәмін кіргізетін астұзын, тамақ дайындағанда қолданатын отынды жаққанда қалатын күлді, кейіннен келе жер бетінде тұнып тұрған өсімдіктерді, таудың тастарын тани бастағаны күмән тудырмайды. Соның бірі жүзім өсіріп, одан алынатын сөлді қыш ыдыстарға сақтау кезінде ашып, шарапқа айналғанының куәсі болған. Шарап ыстықтың әсерінен быжып, өзінен-өзі сірке суына айналатындығын байқап, оны тамаққа қосса дәм кіргізетінін біліп, кейбір сырқатқа ем болатынына көзі жетіп, тіпті дәрілік мақсатта да пайдалана бастаған. Сондықтан болар өте ерте замандағы адамзат өкілдері қалдырған қолжазбалардан алдымен сірке қышқылын кездестіруге болады. Латынның сірке суының «асеtium» деген сөзіне үндестіріп қышқылдың атауын «асіd» деп алған.

Бұл әдістемелік нұсқауды дайындаудағы басты мақса