Шежірем сыр шертсе

12+
Начать читать книгу
Скачать бесплатно отрывок книги для чтения (будет легально скачан большой фрагмент книги, вы сможете понять, нравится ли она вам, и если да, то легально купить).
Читать онлайн
0.0

О книге

Автор әулет шежіресін 2 үлкен бөлімге бөліп жазған. Бірінші бөлімде кіріспе, жеті ата және қазақтар, қазақ хандығы мен жүздер сияқты шежіре, нәсіліміз бен шыққан тегіміз, мемлекеттілігіміз жайлы жалпы мағлұмат беретін мәселелерді қозғайды. Жеті ата тақырыбын қозғағанда бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салады. Олардың ішінде Д.Қонаев, С.Мұқанов сияқты халқымыздың білгір, парасатты ұлдары да бар. Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы − қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Сондықтан автор шежіресін оны көп шежірешілер жеткізе айта алмай келе жатқан шығу тегіміздің сонау бастау көзі – қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихымен ұштастыра жазады. Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмағандығын, олардың да өзге ұлттар мен халықтар сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігін тілге тиек етеді.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде елімізді текке «мәңгілік ел» деп атамағандығын, орайы келсе оны «Қазақ елі» деп атау мәселесін де көтергенін сөз етеді. Сөйтіп Қазақ этнонимінің шығу тарихына, "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген салиқалы сауалға 2 тарауда ғалымдардың кеңес дәуірінде көкейтесті бола алмай, шаң басқан сөрелерде қалып қойған еңбектерінен үзінділер келтіреді. Сөйтіп бұл деректер қазақтардың тарих аренасына шығу жайын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсетіндігін әңгімелейді. Қазақ хандығының құрылуы мен оның негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандарға қатысты фактілерді көпшілік білетін жалаң деректер негізінде емес, белгілі ғалымдардың жан-жақты айтылған пікірлеріне сүйене отырып, оның тарихи алғы шарттары мен әлеуметтік қыр-сырларын, ішкі психологиялық жай-жапсарларын ашып көрсетуге тырысады. Мұны шежіресінің 3 тарауында береді.
Жүз мәселесі мен оның құрамдары, қалыптасу барысы жайлы, ондағы ру-тайпалар таңбалары хақында жазғанда да осы қағиданы ұстанады. Бұл турасында «Жүздер қашан, қайдан шыққан?» деген 4 тараудың бас жағында баяндап өтеді. Осы ретте Ұлы, Орта, Кіші жүз аталары мен олардың құрамына кірмейтін, бірақ халқымыздың құрамдас бөліктері болып табылатын өзге рулық топтар туралы да 5, 6, 7 тарауларда қысқаша болса да мағлұматтар беріп кетеді.
Әулетінің бастау көзі болғандықтан Кіші жүздің Әлімұлы бірлестігіне кеңірек тоқталып, кейбір авторлар оны ондағы Алты ата Әлім атауымен әлі күнге дейін жиі шатастырып жазып жүргендіктен, 8–9 тарауларда бұл мәселенің жігін ашып, тігісін жазып, дұрыс түсіндіріп жазып беруге тырысады. Сонымен қатар кіші жүздің қаракесек бірлестігіне қарайтын шөмекей-сарықасқа шежірелерінде бұрындары айтылы қоймаған «Шу хақан» тарихы сияқты кейбір тың мәселелердің басын қозғап, ашып жазуға ниеттенеді. Мұнда б.з.б. өмір сүрген Шу хақан мен екі мүйізі қарағайдай әлемнің жарты бөлігін жаулап алушы әйгілі Ескендір Зұлқарнайын арасындағы жорық қимылдары баяндалады. Шөмекейдің атышулы көне ғұн тайпаларының ұрпағы екендігін дәлелдейтін, оның таңбасы шекіліп салынған археологиялық артефактілер, сосын Шу өзенінің атауына байланысты жазылған тарихи ақпараттар жайлы тың мағлұматтар береді. Сөйтіп бұлардың бәрі шөмекей тарихын әріге, көне замандарға ысырып тастайтындығына ұстамды дәлелдер келтіреді. Мағлұматтарын М.Х. Дулати, М.Қашқари, М.Тынышпаев, Әлкей Марғұлан сынды ғұлама, көне араб, қытай жазбаларын зерделеген бүгінгі таңдағы отандық өзге де белгілі, танымал ғалымдар еңбектерінен алған деректерімен шыншыл жазуға тырысады. Сонымен шежіресінің 1 бөлімін аты мен тарихы көп шежірелерден белгілі, отан қорғау жолында жоңғар соғыстарына қатысқан бабалары Келменбет батыр жайлы жазылған дастан, аңыздар мен одан тарайтын ұрпақтар кестесімен аяқтайды. Ал шежіренің 2 бөлімі осы Келменбет батырдан бастау алып, тарайтын ата-бабалары мен оның өзі білетін бүгінгі ұрпақтарына туралы жазылған тарихи естелік-эсселер, түрлі түсті фотоматериалдармен ашылады.
СССР журналистер одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Тажис Мыңжасар.

Купить книгу «Шежірем сыр шертсе»

электронная ЛитРес 100 ₽
Рейтинги этой книги за 2015 год за всё время
Повесть 70 1736
Малые литературные формы прозы: рассказы, эссе, новеллы, феерия 129 5766
Биографии и мемуары 421 13110
Среди всех книг 16667

Похожие на книгу „Шежірем сыр шертсе“